«Ұлттық жоба» артығымен орындалды

4afd8a6ffdb106c082e80cafa12ced69_crop_l_46_t_4_w_1008_h_567_resize_w_742_h_365.jpg

Жұмыспен қамтудың бүгінде ең өзекті мәселеге айналып отырғаны рас. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту кезек күттірмейтіен міндет. Президент қасым-Жомарт Тоқаев былтыр:

 «Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе, өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет. Қазір жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама бар. Бірақ жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді. Мемлекет ұсынып отырған түрлі қолдау жұмыстарынан хабарсыз. Бұл мәселе тек жалаң үгіт-насихатпен шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Қазір жастар саясатына қатысты заңдарға қажетті түзетулер енгізілуде. Енді жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткішіне «Жастардың даму индексі» қосылады. Бұл осы бағыттағы шаралардың тиімділігін арттырады. Президент жастар саясатына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеген жөн екенін атап өтті.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүйелеу үшін әр бағыт бойынша бытыраңқы жүзеге асырылып жатқан жобаларды бір арнаға тоғыстыруды тапсырды. Ал оны дайындауға, одан соң талқылауға бүкіл жастар және студенттер ұйымдарын, азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшыларды тарту керек.

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз, деген болатын. 

 Былтыр қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы Ұлттық жобаның басты мақсаты кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету,  халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады. Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бекітілген кешенді жоспар бойынша біршама тындырымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда «Ұлттық жоба» аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша  еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында  қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биылғы жылы 5355 азаматты жұмыспен қамтудың  белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың 11 айында атқарған жұмыстарға талдау жүргізсек, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына жүгінген  8332 азамат бағдарламаға қатысып, жоспар көрсеткіші артығымен орындалды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде  ұлттық жобаға  жүгінген жастар санатындағы 3672 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Атап айтқанда: 589 жас түлек  жастар практикасына, 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 35  жас алғашқы жұмыс орындарына 401 азамат қоғамдық жұмыс орындарына, 1222 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 177 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражаттары  ұсынылды.1174 жас бастау бизнес жобасын аяқтаса, 30 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды.  

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес, биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту туріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған.  Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданды. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.  

Кешенді жоспардың тұрақты және жаңа жұмыс орындары бойынша орындалу деңгейіне тоқталсақ, биылғы жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен, ал 2200 азаматты жаңа жұмыс орындарымен қамту міндеттелді. 11 ай ағымында 3856 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 2150 азамат салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындарына  жолданды.

Қаладағы осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Жылдың 11 айында мүмкіндігі шектеулі 170 азамат белсенді шараларға тартылды. 

Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын  жұмыс орындарына тоқталсақ, биылғы жылы қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды. 

Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 11 ай ағымында 589 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 11 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 35 адам жолданды.

Қала аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін 650 азаматқа ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланды. Есепті айда  бағдарламаның бұл бағытына жүгінген жұмыссыз 886  азамат қоғамдық жұмыстар орындарымен қамтылды. 

Ұлттық жобаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылға 273 азаматтың жаңа бизнес идеяларына қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттарын ұсыну көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 273 азаматтың бизнес идеялары комиссия шешімімен мақұлданып,  жоспар толығымен орындалды.

Әлеуметтік қаржылай қолдау мәселесі бойынша қаламызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы 3608 отбасына немесе 20500 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, жылдың 11 айында 3915 отбасына немесе 21609 адамға әлеуметтік көмек қаражаты тағайындалды. 





Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер