Түркістанда аяқ-киім тігіледі

23.png

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс.  Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Көрші мемлекеттің азаматтары шетелге барып, жұмыс талғамай еңбек етіп жатыр. Олар біздің елде де өте жақсы табыс тауып жүр. Дәл осындай жандардан үлгі алу керек. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халыққа арнаған Жолдауында осылай деген болатын. Расында да Тәуелсіз Қазақстанда ебек адамына деген құрмет ерекше болуы тиіс. Дана халық «еңбек бәрін жеңбек» деп бекер айтпаған.   

Бүгінде Түркістан қаласында өз кәсібін ашып, сол арқылы ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар аз емес.  Соның бірі кеңестік дәуірден бері аяқ киім шығарумен айналысып келе жатқан «Дружба» фабрикасы. Фабриканың негізін Әбдісадык Әбдіразақов қалаған. 60 жыл уақыт аралығында аталмыш фабрика түрлі құлдыраулардан өтіп, бүгінгі таңға дейін өз өнімдерін ұсынуда. Қазіргі таңда шеберханада ер адамдарға арналған қыстық аяқ киімдер топтамасы бар. Шеберхана қолда бар өнімді тұтынушыларға ұсынып отыр. Жалпы мұнда аяқ киімнің көптеген түрлері тігілген. Бүгінде аяқ киім тігушілердің жоқтығына байланысты өндіріс тоқтап тұр. Кәсіпкердің сөзінше жастардың қызығушылығы бұл салаға өте аз дейді. Сол себепті ауырлық пен жауапкершілікті сезіне білетін «екі қолға бір күрек» іздеп жүрген азаматтарды осы іске баулуды мақсат тұтып отырғандығын жеткізді. 

Жуырда қалалық мәслихат депутаттары аталған кәсіпорынның жұмысымен танысып қайтты. на бұйымтайын айтқан аяқ киім шеберінің мәселесін қала әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінің басшысы бірлесе шешетін болды.

«Дружба» фабрикасы таза былғары өнімдерін пайдалана отырып, жоғарғы сапада таза тері өнімдермен аяқ киім шығарады. Шағын шеберхана 4 ұстаны жұмыспен қамти алады. Аяқ киімдер бағасы нарықтан әлде қайда төмен, көпшілікке қолжетімді. Мәселен, қысқы етіктер 18 мың теңге болса, кроссовкалар 13 мың теңгені құрайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер