«Түркістан арена» халықаралық мәртебе алды

62cb99774d448.jpg

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» нысанында жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА  стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп Бұдан былай Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

 «Түркістан-арена» орталық стадионы 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.

 Ашық аренаның батыс және шығыс трибуналары бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная экономика как основа устойчивого развития региона
  • Энергетика министрлігі көмір саласындағы мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдамақ
  • Жамбыл облыстық ауруханасында ерекше операция: Хирургтер трихобезоарды алып тастады
  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер