Түркістанда «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылады

image.png

Мемлекет басшысының Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылмақ. Ол қолданыстағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық  аумағынан бой көтерді. «TURAN» арнайы экономикалық  аумағында қолданыстағы заңнамада шектеу қойылған қызмет түрлерінен басқа экономикалық бағытта «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызметтің барлық түрі қамтылады. Аймақта халықаралық, өңірлік стандарттары және дауларды шешуде британдық (Арбитраж) құқықты қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Дархан Сатыбалды маңызды жобаның жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында жауапты сала басшыларының басын қосты.

– Біздің басым бағыттардың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Қараша айында Самарқан қаласында Түркітілдес Мемлекеттер Ұйымына мүше елдер басшыларының қатысуымен өткізілген саммитте «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасының бастамасы барлық мүше мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін көтеру. Оның аумағы 4 гектарды құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Олар: Тарихи орталық, Әкімшілік-іскерлік орталық, Greenfield (Оранғай ауылы), Brownfield өнеркәсіптік қосалқы аймағы (Кентау қаласы) және Түркістан қаласы мен халықаралық әуежай аумағы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер