«Ордабасы адалдық штабы» құрылды

Ордабасы - үш жүздің басын қосқан тау - Тарих -

Ордабасы ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің жанынан құрылған Ордабасы Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Ә.  Баймаханова «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде сұхбат берді.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы 2014 жылы қабылданған. Стратегияның басты ерекшелігі– қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсеткен. 

Қазір облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және ақпараттандыру шаралары арқылы тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-ағарту штабы жұмыс істейді. Ал ауданда осы бағытта құрылған арнайы мониторингтік топ қызмет атқарады. Оның құрамында аудандық зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ құралдары белсене ат салысады. Кеңсе жетекшісінің мәліметіне сүйенсек, карантин режимі жарияланғаннан бастап, аудандағы дәрханалардың баға тұрақтылығын және санитарлық талаптарды сақтауын топ мүшелдері қатаң бақылауға алған. Нәтижесінде санитарлық талаптарды дұрыс сақтамаған 3 дәріханаға ескертулер жасалынып кемшіліктер түзелінген. Ал 1 дәріханаға фискальды чек бермегені үшін ескерту жасалды. Жалпылама аудан көлемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ауылдық округтерге 13 баннер орналастырылды. Сонымен қатар,  "Ордабасы адалдық штабы" құрылды.  Ауданда жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдай тұрақты. Өңірдегі барлық жағдай арнайы мониторингтік топ мүшелерінің бақылауында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Абаттандыру жұмысы қарқынды
  • Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде
  • Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
  • Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ
  • Ордабасы: Мал басы артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер