Бәйдібекте «Абай күні» онлайн форматта тойланды

image.png

10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеледі. Мерейтой аясында республика бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылады. Коронавирус індетіне байланысты барлық іс-шара онлайн форматта өтіп жатқаны белгілі. 10 тамыз күні де Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі бар іс-шара онлайн түрінде ұйымдастырылады.

Меркені атап өтуде Бәйдібек ауданының өмнерпаздары да белсенділік танытты. Аудандық мәдениет үйінде Абай күніне орай ісшара өтті. Үнемі нық толып отыратын залда мереке бұл жолы көрермендерсіз тойланды.

Өнерпаз жастар ұлы ақынның шығармашылығын кезектесіп оқып, ән айтысты. Мерекелік қойылым аудан әкімдігінің фейсбук желісінде жарияланды.

Сонымен қоса тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, «Абай-Шəкəрім» мавзолейіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болды.

Халқымыз осы қуанышты күндіүлкен құрметпен қарсы алғалы тұр. Осылайша Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрметкөрсетуді жалғастыра береміз.

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: "Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық іспетті",- деп алдағы бағыт-бағдарымызды көрсетіп берген болатын. Ендеше біз осы сөзді санаға сіңіріп, қашанда үлгі етіп отыруымыз керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Абаттандыру жұмысы қарқынды
  • Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде
  • Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
  • Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ
  • Ордабасы: Мал басы артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер