Түлкібаста этно-ауыл пайда болады

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста этно-ауыл бой көтеріп келеді

Заман адамдардан үнемі жаңашылдықты талап етеді. Мынау туризм шарқұрып тұрған кезде дүйім жұртты қызықтырар тың дүние ойлап табудан асқан өнер бар ма?Осы орайда Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылында ерекше, бұрын болмаған «Etno Park Resort» этно ауыл бой көтеріп келеді. 

Жоба 4 қабатты қонақ үй (32 төсек орын, 12 бөлме) және 5 киіз үй жылы еденімен қамтылған, бассейн, сақ моншасы, шатыр(беседка), туристерге қызмет көрсету көлігі жағдайларымен қамтамасыз етілген. Туристерді қабылдау, гид аудармашы, конференц-зал, облыстық және ауданның туристік маршрутына енген нысандарға экскурсиялық саяхат қызметтері жоспарланған. Жаңадан 15 адамға жұмыс орны қаралған. Жоспар бойынша күніне 30 туристке дейін, жылына 1000 туристке қызмет көрсетіледі деп күтілуде. 

Жобаның іске асу мерзімі 2020 жыл. Алайда, бүгінгі таңда қаржы жетіспеуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Бүгін жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі Нұрлан Байғұт аталған жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Майлыкент ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып қайтты. 

Соның бірі, М.Ломоносов мектебінің күрделі жөндеу жұмысы. Көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен іске асуда. Білім мекемесін аралаған аудан басшысы ғимараттың сырқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін ескеріп, аудандық білім бөлімінің басшысына сырқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды. 

Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары барысында ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңадан орнатылып, кәріз жүйесі мен желдеткіш жүйесі жаңартылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер