Түлкібастық кәсіпкер таңқурай шаруашылығымен айналыспақ

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста таңқурай шаруашылығын дамыту қолға алынды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп, егін егу үшін табиғаты өте қолайлы аймақ. Бұл өңірде бүгінде тек алма шаруашылығы емес, таңқураймен айналысушылар да көп.

Таңқурай шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі шаралар іске асуда. Осыған орай аудан әкімі Н.Байғұт ауылшаруашылық бөлім басшысы мен таңқурай егуге қызығушылық танытқан аудандық кәсіпкер Е.Байжанов пен таңқурай егуді көп жылдан бері кәсіпке айналдырған Алматы облысының азаматы Б.Айымбетовты қабылдады. 

Аудандық кәсіпкерлермен таңқурай егу бойынша келісім-шарт түзу мақсатында Алматы облысынан арнайы келген ЖК «Абишевтің» өкілі Бауыржан Айымбетовтың айтуынша,Түлкібас ауданының таңқурай шаруашылығын дамытуға климаты өте ыңғайлы, жеріде өте құнарлы. Сондай-ақ, ауданда жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету жағы да жоғарғы деңгейде. Осыған байланысты аудандық кәсіпкерлермен таңқурай шаруашылығын дамыту мақсатында іс-тәжірибемен алмасуға дайын екенін жеткізді. 

Аудан әкімі қабылдау соңында таңқурай жемісі ең табысты ауылшаруашылық өнім түрі екенін нақты мы-салдармен келтіріп, аудан аумағында жемістің осы түрін дамыту мақсатында маусым айына дейін алма-тылық кәсіпкермен кемінде 50 гектар жерге келісім-шарт түзуге жұмыс жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, таңқурай жемісі таулы аймақтарда өсуге бейімделген. Осыны ескерген облыс әкімі Ө.Шөкеев табиғатының қолайлығына қарай облысымыздың таулы аудандарына таңқурай шаруашылығын дамытуды тапсырған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер