Түлкібаста ауқымды жобалар жүзеге асуда

0044b427d59ce229261e87a51b26cf54.jpeg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 6 062 турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.

 

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Түлкібаста ауқымды жобалар жүзеге асуда