«Мектепке жол» акциясы мешітте өтті


 67947905_346532202954501_7240828262736199680_n.jpg

Төлеби ауданындағы орталық "Нұр" мешітінде жаңа оқу жылына дайындық мақсатында "Мектепке жол" акциясы басталды. Бұл туралы Төлеби ауданы білім бөлімі хабарлады.

 Аталған акцияны орталық "Нұр' мешітінің бас имамы Анарбаев Самат Сапарханұлының бастамасымен аудандағы кең жүректі, қолы жомарт демеуші азаматтарымыз ұйымдастырды. Көп балалы, əлеуметтік жағдайымен есепте тұратын отбасынан шыққан 80 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер сыйға тартылды. Ауданның бас имамы балаларға оқу жылында сабақтарын жақсы оқып, биік белестерді бағындыра беретіндіктеріне сенім білдіретіндігін баяндап, демеушілерімізге алғыс білдірді.

- "Бала-ертеңгі болашағымыз!" деп түсінген ауданымыздың жомарт қолды азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз!-делінген бөлімінің әлеуметтік желідегі жариялаған ақпаратында.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясының мақсаты  аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.



®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Мектепке жол» акциясы мешітте өтті