Жастар кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуде


 67701994_214550959525280_8248162629550342144_n.jpg

Елбасы Нұрcұлтан Назарбаев «Жастар жылының» ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше тоқталған болатын. Елбасы:

-Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Біздің жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер бар. Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. 

Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. 

Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын
100 мыңға дейін жеткізген жөн.  Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осыған байланысты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын. Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жастарымыз бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады.  Кем дегенде 80 мың адам немесе олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап, ел экономикасына елеулі үлес қосатын болады.  Осындай арнайы білім алған мамандар нарыққа дайын стартаптар мен өнімдер ұсынуға тиіс.  Бітіруші курстардағы 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет.

Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 32,1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын,-деді.

Осыған орай қазір Түркістан облысының аудан, қалаларында жастар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде.  Жуырда Келес ауданы Ошақты ауылдық округінде жастар ісі инспекторы Б.Сыдықовтың ұйымдастыруымен, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, ауыл жастарының өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Кәсіпкер ағалар жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ісін бастаудың қыр сырларын үйретті. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Мұндай тиімді тәжірибе алдағы уақытта жалғасын табады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанның орман алқаптары екі есе ұлғайды
  • Жерді жаралағандар қатаң жазаланады
  • Құтарыстың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді
  • Сайрамда 99 мың адам екпе салу жоспарланған
  • Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер