"Жас кәсіпкер" жобасына қатыс


ed9799bfea63d648a65b4a2d5bf68b26_crop_l_70_t_4_w_711_h_400.jpg Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын іске қоспақ. Аталған жоба «Бастау» жобасына ұқсас, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. 
Бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде 505 000 теңге қайтарымсыз грант және де жеңілдетілген несиелер мен қосымша қаржыландырылуға мүмкіндік алады.

«Жас кәсіпкер» –  оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылатын болады. Мұнда іш пыстыратын дәрістер және ескірген деректерге орын жоқ. Шынайы кейстер және үздік бизнес-тренерлер ұсынған шеберлік сабақтар, сондай-ақ кәсіпкерлік ортаға терең бойлау бар.

Осы жоба арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландыруға мүмкіндік алады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазығұртта карантин шаралары түсіндірілді
  • Қазығұрт әкімі: Қадірлі Қазығұрт ауданының ұстаздар қауымы!
  • Түлкібас ауданында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған жобалық кеңсе өз жұмысын бастады
  • Ұлттар татулығы - экономикалық дамудың негізі
  • Кәсібін ашамын деушілерге есік ашық!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер