Оңтүстік жері жанға — сая, тәнге — дауа!

image.png

Оңтүстік өңірі тұмса табиғатымен ерекшеленетін тарихқа  тұнып тұрған әсем де, байтақ өлке. Әсіресе, Өгем, Біркөлік шатқалдарына қарасаң көз тоймайды. Мұндағы әрбір тасты, су мен бұлақтың бүгіп жатқан сыры бар. Осы бір тамаша жерлердің жұмбағын шешуге бүгінде Төлеби ауданына көптеген туристер ағылып жатады. Қонақтар үшін тамашалай алатын жердің бірі - Сайрам су өзені мен шатқалы. Мұнда туристер үшін ыңғайлы бағыттар жасалған. 

 Бағыт   «Альтекс» тур кешенінен басталады және Сайрамсу өзенінің кең әрі көрікті шатқалы арқылы өтеді. Оңтүстік шығыста Сайрам шыңының   (теңіз деңгейінен 4238м.) ақ ұшар басы мұндалап тұр. Тур кешенінен жоғары соқпақ жол алдымен өзеннің сол жақ, кейін оң жақ жағалауымен жалғасып жатыр. Бір сағаттан кейін туристер Қырғилы жылғасын кесіп өтеді. Енді жол Сайрамсудың оң жағалауымен оңтүстік-батыс бағытына апарады. Шатқалдың солтүстік және шығыс беткейінде әдемі арша ормандары, өзен қуысында қалың қайың орманы. 1 сағат жүрген соң Қапжайлау жылғасын кесіп өтіп, асуға келіп тоқтауға жағдай жасалған. Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарынан өтеді. 2 сағаттық қиын емес көтерілу және соқпан жол көлге әкеледі. Сайрамсу көлі үлкен емес қазаншұңқырда өзен көздерінде теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Өзен аумағы шамамен 350 ш.м. Аса терең емес және судың мөлдірлігі түбін көруге мүмкіндік береді. Оңтүстік бөлігінде көлді толықтырып тұратын суық көздерінің ағыны бар. Көлдің батыс бөлігі қалың ашық жасыл түсті өсімдікпен жабылған.

Қарақаттың ірі түптері мен алуан түрлі гүлдер демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер