Төлеби ауданының Сайрам-Өгем табиғи паркінде адамзаттың қолы тимеген, аяғы баспаған керемет жер бар. Бүгінде туристер табиғаттың осы бір кереметін тәжірибелі гид-экскурсаводтардың көмегімен көзбен көріп, аралай алады. Ол - Сазаната көлі. Бағыт «Альтекс» туркешенінен басталып Сазаната өзенінің кең әрі әсем шатқалының бойымен жалғасады. Тур кешеніне жоғары орналасқан соқпақ жол өзеннің оң жағасымен жалғасады. 1 сағат 40 минуттан кейін Сазан өзенінің екі жоғары тармағының қосылған жеріне келеді. Шатқалдың солтүстік беткейінде керемет арша орманы, өзен қойнауында қалың қайың орманы өседі.
Аздап демалып қозғалысты оң жағадағы сол тармақ бойымен 35-40 минут жалғастыруға болады. Өзенді каньонға 100 м қалғанда кесіп өтеді. Енді соқпақ жол оңтүстік –шағыс бағытта сол жағалау бойымен жалғасады. 2,5 сағаттан кейін туристер Сілбілі көлін тамашалай алады. Содан кейін Қысқа асуға келіп тоқтайды.
Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарымен өтеді. Оңтүстік бағыттағы жарты сағаттық қозғалыс пен соқпақ дол Сазаната өзенінің оң жақ тармағының жоғарғы жағындағы үлкен бивачная алаңына әкеледі. Демалушылар осында түнеуге қалады.
Петроглиф тобы алаңнан 15 минуттық жүретін жерде. Жылғаның сол жағасында тұр. Аңдар суреті қара тастардың тегіс жағына салынған. Петроглифтерді қарап, фотосуретке түсіру уақытында абай болған жөн, себебі тастар қозғалмалы әрі сырғанақ келеді. Демалып әрі тарихпен сусындап қайтқыңыз келсе, Сазаната петроглифтерін міндетті түрде көруге келіңіз!