Қазығұрт ауданында мектеп мұғалімінің танымдық ашық сабағы жоғары бағаланды

Қазығұрт ауданында от күндік аясында мектеп ұстаздары ашық сабақтар өтуде. Мәселен, Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының педагог-шебер ұстаздарының онкүндігі аясында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  Нағима Байбосынованың 10 «а»-сыныппен өткізген «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбындағы танымдық сабағын әріптестері жоғары бағалады. 

Screenshot_16.jpg

Осы сабаққа қатысқан аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Егізектің айтуынша, пән мұғалімінің танымдық сабағы жоғары деңгейде өтіп қана қоймай, әріптестерінің де таңданысын тудырыпты. 

- Бүгінгі танымдық ашық сабақта мектеп ұстазы оқу мен оқытуда білім сапасын арттыру мақсатындағы жаңа форматта қолданған әдіс-тәсілдері оқушылардың қызығушылығын арттырған шебер сабақ үлгісі болды. Оқытудағы тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын, сабақ барысында танымдық мақсатта қолданған бейнежазба арқылы, «Ақылды ойлар» атауындағы ойын түрімен оқушылардың сөйлеу, өз пікірін айта білу дағдыларын арттырған және тақырыпқа сай адами қасиеттерді түсіндірген сабақ болды. Президентіміз Ұлттық Құрылтайда айтқанындай, «Өскелең жас ұрпақ кемел адам болып қалыптасуы үшін олардың өз тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын біліп өсуі маңызды. Біз балалардың сапалы білім алуымен қатар, рухани дамуын, дүниетанымы кең болуын да қамтамасыз етуіміз қажет» деген болатын. Міне, осы талаптардан шыға білген Нағима Байбосынованың сабағы көпке үлгі болардық сабақ болды, - дейді ол. 

Сондай-ақ оның айтуынша, мұғалім сабағында «Блум түймедағы» бойынша сұрақ қоя білуі балалардың ой танымы мен тұжырым жасаудағы білімін көрсеткен. «Сонымен қатар, оқу сауаттылығын байқауға бағытталған  тапсырма «Шынжыр» ойын түрінде екі топта орындалды. Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа біріктіре білген қызықты әдіс болды. Әрбір тапсырманы әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы орындаған шәкірттер сабақ соңында өздерінің ой қорытындысын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетіп, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» тәсілдерімен өзін-өзі және өзара  бағалай білді. Оқушылар сабақ соңында берген кері байланыс пікірінде сабақ бойынша шынайы, еркін ойларын, жеткізді»,- дейді Ә.Егізек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер