Төрт түлікке екпе егу жұмыстары жүргізілді

Ауданның негізгі байлығының бірі төрт түлік мал екені белгілі. Жыл сайын мал санының өсу тенденциясы байқалады. Малдың басының көбеюі халықтың ризық-несібесінің артуына, соған сәйкес тұрмыс жағдайларының жақсара түсуіне жағдай жасайды. Көпке мәлім болғандай, мал басының тұрақты өсуі жыл сайын аса қауіпті ауруларға қарсы егу-диагностика жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуге де тікелей байланысты. Төрт-түлікке деген құрметі ерекше халқымыз, оның күтіміне де айрықша көңіл бөлген. 

image.png

Осы орайда, Облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының "Ордабасы аудандық ветеринарлық қызметі" ШЖҚ МКК Қажымұқан, Бадам ауыл округтерінде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы төрт түлікке (ірі қараға аусылға, ұсақ малға күл ауруларына қарсы) екпе егу жұмыстарын жүргізуде. 

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуелдi саласы. Оның ішінде мал шаруашылығына тыңғылықты көңіл бөлу бүгінгінің басты мәселелерінің бірі. Жалпы, әлемде төрт түлікке ең жақын халық – қазақ жұрты. Мінсе - көлігі, ішсе - сусыны, жесе - тамағы, кисе – киімі, тұтынса - бұйымы. Сол себепті, қазақ халқы төрт- түліктің күтіміне ерекше көңіл бөлген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер