Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның арзандығы

Ордабасы ауданының орталық алаңында жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Елді мекендерден жеткізілген өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым арзан бағамен саудаланды.    

image.png

Аталған жәрмеңкеге шығарылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада сатылды. Аудан орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған.  Мәселен, жылқы еті мен тартылған еттің бағасы – 2000 теңге. Бұл баға тұрғындар үшін қолжетімді баға.  

Сонымен қатар, картоп 160 тг; сәбіз 160 тг; жуа 60 тг; қияр 500-450 тг; қызанақ 350-450 тг; болгар бұрышы 130 тг; күрке тауық еті 950 тг; шұжық 1900 тг; қызылша 80 тг, баклажан 130 тг, асқабақ 70-45 тг, жүзім 380-250 тг, алма 300-450 тг, күріш 220 тг, қырыққабат 150 теңгеден сатылды. 

Айта кетейік, жәрмеңке жергілікті өнімді қолдап, олардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында ұйымдастырылады. Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның төмендігі. Мұнда тұрғындар қажеттісін арзан бағаға сатып ала алады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер