Мемлекеттік органдардың жұмысында не өзгереді?

Screenshot_21.png

1-ші шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процескүшіне енеді. Кодекстің басты нормаларын Мемлекет басшысының көмекшісі -Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Шыкент қаласы активімен болған кездесуде айтты.

«Президент 2020 жылдың 29 маусымында қол қойған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі биыл 1 шілдеде күшіне енеді. Жаңа Кодекс – Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының іргелі нормативтік құжаты. Оған сәйкес, халықтың арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына еніп, оның орындалу барысы жайлы мәліметтер осында жинақталады. Тіпті, «Қазпоштамен» қағаз жүзінде жолданған өтініштердің өзі цифрлық форматқа ауыстырылып, электронды түрде тіркеледі. Осылайша,  «е-Өтініш» жүйесі өтініштерді қараудың бүкіл тарихы сақталатын біртұтас базаға айналады. Бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге қолжетімді жүйе болады»,-дейді Тамара Дүйсенова.

Мемлекеттік органдар өтініштерді бұрынғы қабылданған шешімдер мен берілген жауаптарды ескере отырып қарайды.   Егер  арыз иесінің  талабы қанағаттандырылмайтын болса онда мемлекеттік орган міндетті түрде арыз иесін қабылдап, оған түсініктеме береді.  Жаңа Кодексте мемлекеттік органның азаматтар алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов қазіргі таңда Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен жоспарға сәйкес 798 қызметкер жүйеге енгізілгенін атап өтті.

Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс бойынша әр азаматпен, тұрғынмен заң аясында сапалы жұмыс жүргізу ортақ міндет екенін айтқан қала басшысы бүгінде 444 қызметкер ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға үйретілгенін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер