Ұлттық қолөнерді насихаттады

Screenshot_17.png

Қазақ - қашанда сөз өнерінен кейін қолөнерін қатты бағалаған халық. Темірге тіл, жаңқаға жан бітіре білетін шеберлердің шығармашылығын қадірлеген жұртымыз «Он саусағынан өнер тамған» деген теңеуді тегін айтпаған. Бүгінде атадан қалған асыл өнердің өрісін кеңейтіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі шымкенттік белгілі қолөнер шебері Берік Бейісбеков. Өнерлі азамат бүгін  Шымкенттегі Ескі қалашық аумағында ашылған «Shymqala» этноауылында  ер тоқым, былғарыдан түрлі бұйымдардың жасалу жолынан шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатта Берік Болатбекұлы былғарыдан түрлі бұйымдарды дайындау әдістері, шығу тарихы, жасалу жолдары, ер-тоқым дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Қаламыздағы ЖОО студенттері, мектеп оқушылары шеберлік сағатқа белсенді қатысып, қолөнер бұйымдарына қызығушылық білдіріп, рухани азық алды. 

Ұйымдастырушылар шарада жастарға көлөнер бұйымдары насихатталып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырды деген сенімде.

Айте кетейік, "Shymqala" этноауылда күнделікті мәдени іс-шаралар, қолөнер шеберлерінің көрмесі, қойылымдар өтеді. 21 мамыр күні сағат 15-00-де зергер, əшекей бұйымдардың шебері Желдібаев Əшірбек зергерлік бұйымдардың жасалу жолы, күмістердің қасиеттері мен түрлерін насихаттау мақсатында шеберлік сағатын өткізеді.

Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Олай болуы орынды. Өйткені, өткеннен жеткен өнер тұрмысымызбен тығыз байланысты. Сондықтан, сан ғасырлық тарихы бар ұлттық кәсіптің көкжиегін кеңейтуге өңір ұсталары да өзіндік үлес қосуда, - дейді қазақи құндылықтарды құтайтуды көздеген  ұйымдастырушылар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер