Тұрғындарды қабылдады

Screenshot_10.png

Шымкенттік билік өкілдерінің бұқара халықпен байланысы нығайып келеді. Басшылар тұрғындармен жүздесіп, мұң-мұқтаждықтарына құлақ түруді дәстүрге айналдырған. Айталық, жақында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков онлайн режимде 20-дан астам азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға байланысты мәселелерін жеткізді. 

Е. Білісбеков әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Онлайн қабылдауда болған азаматтардың ішінде тұрғын үй кезегіне осыдан бір жыл бұрын тұрған немесе кезекке мүлдем тіркелмегендер де бар. Ерғали Дәулетбекұлы азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіндігін атап өтті. Арендалық үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Сонымен қатар, «Шаңырақ 5-10-20», «7-20-25» жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үйге қол жеткізуге болады. 

Қала әкімінің орынбасарына атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша да сұрақтар қойылды. Сәуір айынан бастап өтініштер электронды үкімет порталы арқылы қабылдануда.  Ерғали Білісбеков әр азаматқа өтініші бойынша толық жауап беріп, тиісті басқарма басшыларына өз құзыреті шеңберінде шешуге көмек көрсетуді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер