Жаңа мамандықтар ашылады

Screenshot_6.png

Заманына қарай мамандық та өзгеріп отыратыны белгілі. Бірі сәннен қалса, енді бірі керісінше сұранысқа ие болып жатады. Қазіргідей нарықтық, ақпараттық ғасырда ІТ секілді мамандықтың болашағы зор. Осы ретте  Шымкент қаласында еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлау мақсатында биыл «Жас маман» бағдарламасы  шеңберінде 5 колледжді (Индустриалды техникалық колледж, Политехникалық колледж, Энергетика және байланыс колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, М.Өтебаев ат. Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі) заманауи матерталдық-техникалық базамен жарақтандыру үшін қаржы қаралды. 

Одан өзге, колледждерде өңірге қажетті туризм, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, үй жағдайында бала күтуші, ІТ мамандықтарына лицензиялар алынуда. Алдағы уақытта білім алушылардың дуальды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелуі үшін әлеуметтік серіктестермен келісімшарттар түзілу үстінде. Колледждерде ақылы негізде қызмет көрсету, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда дайындаған өнімін сату мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар, «Жас маман» бағдарламасы аясында толық жабдықталған №6 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттері арасынан жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және «WorldSkills» жұмысшы мамандықтары чемпионатының» сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Қазақстан құрама командасын дайындау, «Future Skills» мамандығының «цифрлық модельдеу» құзыреттілігін ашып, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу бағыты бойынша жобалар басталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер