Шымкенттің көшелері жарықтанып жатыр

Screenshot_12.png

Шымкентте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде  Н.Назарбаев даңғылы мен Ж.Шаяхметов көшесінен Қ.Патеев көшесі аралығында түнгі жарық шамдар орнатылып жатыр.

Аталған көшелердің бойына жарық шамдар орнату жұмыстары осы жылдың 1 наурызынан басталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан бұл жұмысқа барлығы 17 маман жұмылдырылған. Қазіргі уақытта екі шақырым көшеге 51 жарықтандыру бағаналары орнатылып, жұмыстың 70 пайызы аяқталып отыр. Биылғы жылдың 15 сәуіріне дейін көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, 2021-2023 жылдары көшені жарықтандыру мен оны күтіп ұстау бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 16,4 млрд. теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Яғни, жоба аясында 312 көше жарықтандырылып, энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылмақ. Атап айтқанда, Абай ауданындағы 83 көше, Әл-Фарабидегі 42 көше, Еңбекшідегі 89 көше, Қаратаудағы 98 көше жарықтандырылады. Нәтижесінде қаланы түңгі жарық шамдармен қамту көрсеткіші 70 пайызға жететін болады.

Айта кетерлігі, қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, емхана, балабақша және т.б), орталық маңызға (қоғамдық көлік қатынайтын) ие көшелерін қамту жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО
  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер