«Қоғамдық көмекшілер» көбейіп келеді

Screenshot_9.jpg

Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада көптеген кешенді жобалар қолға алынғаны белгілі. Осы орайда «Қауіпсіз қала» жобасы нәтижесін бере бастады. Жоба аясында тәртіп сақшыларының қатарын толықтыру үшін көмекшілер тарту жөнінде шешім қабылданған. Қуантатыны – қоғам тыныштығын сақтауға полицейлермен бірге қала тұрғындары да жәрдемдесуде. 

Таяуда ғана Абай ауданының полицейлері  Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне «қоғамдық көмекші» куәлігін табыстады.  Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын полициямен өзара тығыз байланыста болуға шақырып, оларды қоғамдық көмекшілер ретінде қабылдауда. Ондағы мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда тұрғындармен бірлесіп үйлесімді жұмыс атқару. Қоғам белсенділерін қоғамдық көмекші ретінде тарту қылмысты жедел ашу және оның алдын алуда өз тиімділігін көрсетуде.  Ерікті түрде бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіріп,  «қоғамдық көмекші» куәлігіне ие болған  ел ағалары  - Қызылжар шағын ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бастархан Байжанов пен төраға орынбасары Смаил Сейтимов. Олар кездесу барысында  аудан аумағында тәртіптің сақталуына өз септігін тигізуге дайын екендерін жеткізді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді сала мамандары. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан нарығында сенімді орын алған ірі кәсіпорын
  • Үшінші мегаполистен шыққан сапалы шай
  • Сапасымен сенімге кірген бренд
  • Alem Luxury – сапа мен заманауи дизайнның үйлесімі
  • Шымкенттен шыққан бірегей зауыт
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер