Қызыр мұнарасы жаңаша келбетке ие болмақ

Screenshot_29.jpg

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласында туризмді дамыту шаралары қолға алынуда. Республикадағы туристер жиі аяқ басатын шырайлы Шымқалада қонақтарды қызықтыратын бастамалар көп. Осы орайда қаланың тарихи әрі киелі туристік орны саналатын Қызыр Пайғамбардың мұнарасына жақында құрылыс жұмыстары жүргізілетін болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды. 

– Шымкентте Мұса пайғамбардың серігі саналатын Қызыр Пайғамбардың 18-19 ғасырларға тән тарихи мұнарасы бар. Сайрам тұрғын алабында орналасқан бұл нысан – туристік, мәдени, ерекше нысандарымыздың бірі. Мұнара әлемге әйгілі Пизан мұнарасы секілді 15’С-қа оңға қарай қисайған. Нысанның биіктігі 10,5 м болып, жер сілкінісінің нәтижесінде қазір 5,7 метрге жеткен, – деген М.Исахов аталған нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

– Кейінгі кезде мұнараның, өзге де ескерткіштердің сыртқы келбеті нашарлап, күтіп-баптауды, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етуіне байланысты біздің туризм орталығы меценаттардың көмегімен жаңа жобаны қолға алып жатыр. Жобаға алғаш болып қаламыздың тұрғыны, меценат Бауыржан Мырзатаев мырза демеушілік көрсетіп, тарихи мұнараның аумағын абаттандыруға қолғабыс жасап, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аяқталған соң, тағы бөлісе жатармыз, – деді Мақсұт Пернебайұлы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер