Дарынды балалар марапатталды

Screenshot_40.jpg

Үшінші мегаполисте  «Елбасы медалі» бағдарламасының екінші кезеңінде спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі бойынша жетістікке жеткен жастар марапатталды. «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында Шымкент қаласының бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Елбасы медалі» жобасының барлық шарттарын сәтті орындаған оқушыларды онлайн құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Атаулы жобаның мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, оларды мақсат қоюға және сол мақсаттарына жетуге баулу. Бұл марапат сіздердің жетістіктеріңіз бастауы болады деп ойлаймын. Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Баршаңызға шығармашылық табыстар тілеймін», - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Ал үздік деп танылған 41 оқушыға Елбасының марапатын Білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева мен «Дарын» орталығының директоры Р. Джеренова табыстады. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «El Umiti» бастамасы аясында ұйымдастырылған жобада қала бойынша жалпы 131 озат оқушыны марапаттау жоспарланған. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында қала әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы он оқушыны аталған медальмен марапаттаған болатын. Аталған бағдарламаның негізгі символы - жетістіктің жеті жебесіне баланған. Ол жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер