«Менің Қазақстаным» фестиваліне шетелдіктер қатысуда

Screenshot_20.jpg

Шымкент қаласында «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында «Менің Қазақстаным» эстрада әншілерінің онлайн-фестивалі өтуде.

ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастырған фестивалі - қазақ композиторы, Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналып отыр.

Фестивальдің негізгі мақсаты - Достастық елдері арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, рухани байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау болып табылады.

1-15 тамыз аралығында өтетін фестивальге қазіргі таңда Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай өлкесі және Санкт-Петербург қаласынан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-ға жуық үміткер қатысуда. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінен тыс Америка Құрама Штаттары, Түркия елдерінен қатысушылар да бар.

Фестиваль қорытындысы бойынша телевизиялық нұсқада концерттік бағдарлама дайындалып, телеарналардан беріледі. Үздік қатысушыларға алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар, 2021-2022 жылдар аралығында карантин режимі аяқталғаннан кейін Шымкент қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер