Шымкент адвокаттары тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға тегін көмектеседі

адвокаты Ш.jpg

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына бүгін «Арбат» демалыс аймағында құқық қорғаушылар кеңестерін беруде. «Нұр Отан» партиясы мен Әл-Фараби ауданы әкімдігі және қалалық Адвокаттар алқасы бірлесе ұйымдастырған «Адвокат кеңес береді» акциясы сағат 10:00-де басталған, 20:00-ге дейін жалғасады.

– «ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 19-бабында кешенді әлеуметтік қызмет көрсету деген тармағы бар. Яғни, соғыс ардагерлері, І, ІІ топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасы мүшелеріне тегін заңгерлік көмек көрсетуіміз тиіс. Қарапайым халық өз құқықтары мен мүдделерін біле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз теңізге құйған тамшыдай болса да үлес қоссақ дейміз, – дейді Шымкент қалалық Адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов.

Тегін заңгерлік кеңес алуға келген тұрғынның бірі Алма Әліпбаева мұрагерлік мәселесі бойынша кеңес алғанын айтады. 

– Отағасы қайтыс болған. Балаларым "үйді осы бастан біздің атымызға жазыңыз" деген соң адвокатпен кеңестім. Көкейімдегі сұраққа жауап алдым, – деді қала тұрғыны.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер