Шымкентте оқитындар жауарамайды

шымкент мектеп.jpgШымкенттегі білім беру ошақтарында жаңа оқу жылына және күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараға сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бұл туралы бүгін «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясында мәлім болды.

Биылғы оқу жылына дайындық жұмыстары мен атқарылған жұмыстары жайында баяндама жасаған қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева сүн салқындағанда ешкімнің жаурамайтынына сенімді. Оның айтуынша, мекемелердің жылыту жүйелері қысымдаудан өткізіліп, мекемелерге қатты және сұйық отын толық жеткізілсе, 2019-2020 жаңа оқу жылына және күзгі-қысқы мерзімдегі жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шараға сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталғандығын жеткізді.   

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылын еліміздің үшінші мегаполисіндегі 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік білім беру ұйымы 294 мыңнан астам білім алушылармен бастайтын болады. Мұның 200 мыңнан астамы мектеп оқушылары құрайды. Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласының білім саласына 77 млрд. теңдеген астам қаржы бөлінген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 35 пайызға көп. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте оқитындар жауарамайды