Шымкентте "Мектепке жол" акциясы өтуде

WhatsApp-Image-2019-08-21-at-16.09.53.jpeg

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен шаһарда жаңа оқу жылы қарасаңында Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Nur Otan» ХДП ұйытқы болуымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді. Ақцияға Азаматтарға арналған үкіметтің Шымкент қалалық филиалының басшылығы, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты. 

1 қыркүйек білім күніне орай, балалардың оқу портфелін дайындап, қажетті мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін корпорация қызметкерлері қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті.

– Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса, тіптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін, – деді филиал директоры Данабек Исабеков.

Шара барысында корпорацияның қызметкерлері қаражат жинап, 20 жуық баланың мектепке баруына жағдай жасады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкентте "Мектепке жол" акциясы өтуде