Шымкентте 414 ұйым жұмысшылар құқығын қорғайды

68362638_2287120641600889_770726486788276224_o.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде жұмысшы құқықтарын қорғайтын 414  бастауыш кәсіподақ ұйым жұмысі істейді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласың әкімдігі жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін Қазақстан кәсіподақтар федерациясы басшыларының ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімінде айтылды.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайым және кәсіподақ ұйымының жетекшісімен болған кездесуде Кәсіподақтар федерациясы еңбек саласын жаңғыртуға бастамашы болуы тиіс екенін және жұмыс берушілермен бірге әлеуметтік бейімделуімен шұғылданатын қозғаушы күшке айналуы керек екенін атап өтті.

Өз кезегінде кәсіподақ федерациясының басшысы кәсіподақтар жұмысындағы негізгі қағида әлеуметтік әріптестік қағидаты екенін атап өтті.

– Бүгінде Кәсіподақтар федерациясы 2 миллионнан астам адамды біріктіріп отырған еліміздегі аса ірі қоғамдық ұйым. Өңірімізде жұмыс істеп жатқан 2 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдары, оның ішінде Шымкент қаласы бойынша 414 бастауыш кәсіподақ ұйымдары еңбек дауын шешуге, еңбекшілердің құқығын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етіп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы басты медиатор болып отыр, – деді Б.Әбдірайым.

Ынтымақтастық аясында қос тарап алдағы уақытта еңбек дауы, еңбек қауіпсіздігіне байланысты туындаған мәселелерді бірлесіп шешетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер