Құрылыс қатаң қадағалауды талап етеді

68845236_2455514234496834_9219774619492286464_n.jpg

Шымкент қаласында құрылысқа жауапты мамандар жұмысты ұйымдастыра алмайды. Шаһардағы ірі құрылыс нысандарын аралап көрген қала әкімі Ерлан Айтаханов осындай сын айтты. Бұл туралы қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.  

Е.Айтаханов ең алдымен халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сағатына 400 адам қабылдай алатын терминал іске қосылған кезде, жолаушылар ағыны 10 есеге дейін ұлғаяды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлы Қызылжар шағынауданындағы А-2 автожолының және А-2 Бадам көпірі мен Д.Қонаев даңғылы құрылыстарының жұмысын көрді.

Шаһар басшысының айтуынша, еліміздің үшінші мегаполисінде құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатыр. Оған жауапты мамандардың жұмыстарды тиісті дәрежеде ұйымдастыра алмауы себеп. Қала әкімі құрылыс қарқынын арттырып, мердігерлердің жұмысын қатаң қадағалау қажеттігін де қадап айтты. Тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен уақтылы аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ
  • «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде
  • Адал еңбектің құны жоғары
  • Специалисты пищевого производства востребованы всегда
  • Когда работа в удовольствие
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер