Абайды еске алды

Screenshot_6.jpg     

Таяуда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мегаполистегі Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай даналығы - халық мұрасы» атты іс-шара өтті. Тағылымы мол шараға мәдениет қызметкерлері, әдебиет сүйер қауым мен қала тұрғындары қатысты. Орталық қызметкерлері Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады, қара сөздерін көрерменнің жүрегіне жеткізіп оқыды. «Бұл кеште мен Абайдың рөлін сомдадым. Дара тұлғаның рөліне кіре отырып өте үлкен әсер алдым. Абайды тебіренбей оқу мүмкін емес. Мен ақынның ішкі жан дүниесін, толқынысын, мұңын жеткізуге тырыстым»,- дейді аталмыш орталықтың қызметкері Ернар Мамыр.  

Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева Абайдың қара сөздерін «адам баласы туылғанынан өмірінің басты ұстанымы етіп алса артық болмайды» деп, тағылымды іс-шарадан алған әсерін баяндады. «Абайдың шығармашылығын қазақ халқы бір сәт естен шығармауы керек. Абай данамыз «терең білім мен ғылымға бой ұрған кезде ғана қазақ ұтады, сонда ғана ел бола алады» деп  сол кезде айтып кеткен. Сондықтан алға жылжимыз десек Абайдың  мұрасын барынша дәріптеп, насихаттап,  жадымызда сақтауымыз керек», дейді ол. Ал орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Тағаев өз сөзінде «Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына ана сүтімен сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге әрбір қазақ атсалысу керек, ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы болып қала бермек» деп шараға келген қонақтарға алғысын білдірді.

Әдеби жиын барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Әбдіжаппар Сәкен ақынның көркем құндылықтарға бай әдеби шығармалары арқылы ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау және Абай мұрасын дәріптеуге арналған шаралар өз жалғасады деп атап өтті.

       


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер