Тоқаевтың тапсырмасы меморандум аясында жүзеге асады

68535886_2287120651600888_4608073336751128576_o.jpg

Шымкент қаласың әкімдігі жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін Қазақстан кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп шешеді. Бұл туралы бүгін екі тарап арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылу рәсімінде айтылды.

Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында қала әкімі Е.Айтаханов пен федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым бірлескен іс-шараларды өткізуге келісті.

– Үстіміздегі жылдың шілде айында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Теңіз елді мекенінде болған жағдайдың қайталануына жол бермеу, шетелдік компанияларда жергілікті мамандарға лайықты жалақы төлеу мәселесін көтере отырып, әділеттілікті сақтауды» тапсырды. Оның ішінде, кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек жағдайы мен жалақысына байланысты сараптама жасауды, бұдан бөлек, Мемлекет басшысы отандық мамандардың кәсіби дайындығына және еңбек тәртібін сақтау мәселесіне баса назар аударуды, оны үнемі бақылауда ұстауды жүктеді. Сонымен қатар, жас жұмысшылардың білімін көтеру, олардың қолжетімді білім алу мүмкіндігін арттыру, біліктілігін көтеру, әдептілікке тәрбиелеу күн тәртібінен түспек емес, – деді әкім.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер