Мемлекеттік қызметкерлер тазалық жұмыстарына атсалысты

67478815_2280880035558283_6137827261795008512_n.jpg

Үшінші мегаполисте әкімдік қызметкерлері 80 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. #BirgeTaza Qazaqstan экологиялық акциясы аясындағы сенбілік Шымкент дендрологиялық саябақта жалғасын тапты.

Сенбілікте Шымкент қаласы әкімдігінің 24 басқармасы және 2 кәсіпорын қызметкерлері жалпы 80 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, төрт аудан әкімдіктері өздеріне қарасты аумақты күл-қоқыстан тазартты. Жалпы, бүгін сенбілікке қатысқан 2 мыңнан астам қызметкер дендрологиялық саябақ пен 2,7 шақырым өзен бойларын, 18 шақырым жол мен 4 шақырым аяқжолдарды тазалап, 237 м3 қоқыс шығарылды.

Бұған дейін бір апта бұрын шымкенттіктер қала басшылығымен бірге Шымкент қаласы аумағында жаппай сенбілік жұмыстарын жүргізген болатын. Тұрғындар өз аулаларынан абаттандырып, көше бойларын қоқыстардан тазартып, балалар ойнайтын алаңшаларды реттеп, сырлап жаңалаған еді. Тіпті Шымкент қаласынан Ташкентке шыға берістегі халықаралық маңызы бар үлкен жолдың екі жағасын әкімдік қызметкерлерімен бірге қоқыс қалдықтарына тазартқан қоғам белсенділері әлемеуттік желілерде әрекеттерін жарияланып, көпшілікті тазалыққа шақырған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер