Шымкент әкімі шағынаудандардың тұрғындарын тыңдады

68756130_2283843178595302_6246187512851595264_n.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» мен «Сәуле» шағынаудандары және «Текесу» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Тұрғындар қала басшысына ауыз су, абаттандыру, сапалы электрмен жабдықтау, жаңа мектеп салу секілді проблемаларын айтты.

Ерлан Қуанышұлы кездесу барысында шеттегі елдімекендерді қалалық орта интеграциясына жақындату үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

– Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елдімекеннің инфрақұрылымын дамытуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Алдағы уақытта шеткі аймақтарды дамытуға басымдық беріледі, – деді Шымкент әкімі.

Сонымен қатар, шаһар басшысы салалық басқарма басшылары мен аудан әкіміне аталған елдімекендердің инфрақұрылымына назар аудару керектігін айтты. Бұдан басқа, қоғамдық көліктің жүру бағыттарын тұрғындардың талаптарын ескере отырып, қайта қарауды тапсырып, атқарылған жұмыс бойынша халықтың алдында есеп беру қажеттігін міндеттеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер