«Достық» тұрғындары вокзалға жаңа автобуспен қатынайды




Шымкенте жолаушылар тасымалдау саласы тағы жаңа екі автобус бағыттарымен толықты. Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жаңа автобустар №16 және №45 бағыттар бойынша қызмет көрсетпек.

№45 бағытындағы жаңа автобустар "Достық" шағынауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы (АвтоЦОН) мен Шымкент темір жол вокзалы аралығында қатынайды. Тұрғындарға түніктірек болу үшін тарқатып айтсақ, АвтоЦОН шыққан автобус Алматы айналма жолымен «Алаш», «Бекжан» базарларын басып өтіп, Жиделібайсын, Ю.Гагарин көшелерімен жүрып өтіп, Республика, Тәуке хан даңғылдарымен  Ж.Тәшенов, Төле би көшелерін қамтып, вокзалға жетеді.

№16 бағыттағы жаңа автобустар мына сызбадағы көрсетілген көшелермен жүріп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді: “Shymkent bus” – Тәуке хан – Қойкелді батыр – Ақназар хан – Төле би – Түркістан – Д.Қонаев – Тәуке хан – Республика –  Б.Саттарханов – Ашурходжаев – Өркендеу – Чайковский – Б.Саттарханов – Ы.Алтынсарин – Тұрсынбаев – Ферма.

Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы – 56 адам.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер