138482 адам жұмыспен қамтылды

WhatsApp Image 2019-07-19 at 08.35.49 (4).jpeg

2019 жылдың 1 сәуіріне дейін Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандардың саны 138 482 адамды құрады. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

– Қалада жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 шілдеге дейінгі мәлімет бойынша 65 мың 687 бірлікті құрады. Бұл салыстырмалы түрде айтқанда 2018 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 13,7 пайыз жоғары. Ал, биылғы 1 сәуірдегі статистка бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандардың саны 138 мың 482 адамды құрады, – деді спикер. 

 Құлтаев таратқан деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасыдағы жұмыс істейтін субьектілердің 5 пайызы Шымкент қаласында шоғырланған. Осы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында 165 880 млн. теңгені құраған.

Сонымен қатар, Ерназар Сейітханұлы шымкенттіктердің туу көрсеткіші, демографиялық көбеюі, тұрмыс деңгейі, еңбек нарығы және еңбекақы төлеу, шағын және орта кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, сауда және байланыс салалары бойынша 6 айлық қорытындыларын да жария етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер