Үш айда – 470 901,1 млн. теңге

2019 жылдың үш айында Шымкент қаласының өңірлік өнім көлемі 470 901,1 млн. теңгені құрады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздегі үшінші мегаполистің биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындыларын баяндаған Шымкент қалалық Статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев осылай деді.

Screenshot_1.jpg

Спикердің сөзіне сенсек, биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласының өңірлік өнім көлемінде өткен жылғы алғашқы үш айдың нәтижесімен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. 

– 2019 жылғы I тоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 470 901,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 2 пайыға артты. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі – 32,6 пайыз, көлік және қоймалау – 15,6 пайыз, көтерме және бөлшек саудада автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 13,9 пайызды алып отыр. Жалпы өңірлік өнім бойынша қала республика өңірлерін орналастыру тәртібінде және халықтың жан басына шаққандағы есебінде 11 орынды иемденді, – деді департамент басшысы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Верность делу длиною в полвека
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер