Үкіметте Шымкенттің дамуы талқыланды

Screenshot_8.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин Шымкентке іс-сапармен келді.  Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасы қаралды.  

        Кешенді жоспардың негізгі бағыттары мен іс-шаралары туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кешенді жоспарды іске асырудың қала және жалпы ел экономикасы үшін күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері туралы баяндады.  Кешенді жоспарда барлық бекітілген жұмыстарды орындау кезеңінде жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға 89 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 836 миллиард теңге (65%) – жеке инвестициялар есебінен,  68 миллиард теңге – Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі арқылы. Бұл құжатты іске асыру қала аумағын ықшам салуды және оңтайландыруды, инфрақұрылымды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін қолайлы және ыңғайлы жағдайлар тудырады.  

- «Шымкент – Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда-саттық және мәдени орталықтарының бірі», – деген Үкімет басшысы қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

         Кешенді жоспарды жүзеге асыру инвестициялардың көлемін бес жылдың ішінде 1 трлн теңгеге дейін жеткізу үшін жағдайлар жасауға мүкіндік береді. Инвестициялық әлеуетті дамыту мақсатында жаңа «Жұлдыз» және «Шымкент агро» индустриялдық аймақтарының құрылысын қамтамасыз ету, «Оңтүстік» АЭА территориясын ұлғайтуды қамтамасыз ету тапсырылды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер