Білім саласы цифрланып келеді

Screenshot_2.jpg

Ұлы Жібек жолы бойындағы көне әрі жаңарған үшінші мегаполисті цифрландыру жұмыстары жалғасуда.  Қалада Smart city жобасы 6 негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Алғашқысы білім саласы бойынша 4 жоба қолға алынған. Олар  Indigo, Sakura, I-mektep және T-hunter. Indigo және Sakura жобалары аясында қаладағы барлық 476 балабақша мен 130 мектепте электронды кезек және жолдама беру жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде балабақшаларға 68 233 сәби қабылданып, ата-аналардың шағымы 40%-ға кеміді, 3-6 жасқа дейінгі балалар арасындағы кезек 2,5 есеге азайды. Қазіргі таңда шымкенттік Indigo жобасы еліміздің 7 аймағында жүзеге асырыла бастады.

Ал 1 сыныпқа құжат тапсыру мерзімі бұрынғы 43 күннен 20 минутқа дейін қысқарған. Бұған қоса оқушылардың ата-аналары мектептің педагогикалық құрамы, сынып бөлмелері, оқыту тілі, жағымды-жағымсыз факторлар туралы алдын ала біле алады.

I-mektep жүйесінің нәтижесінде «Мектеп-ата-ана-оқушы» байланысы орнап, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды. Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші 97%-ға жетті. Егер баласы сабаққа келмесе, ата-анасына SMS-хабарлама жіберіледі.

Мұғалімдерді автоматты түрде іріктейтін T-Hunter жобасы педагогикалық құрамның сапасын жақсартуға сеп болды. Бұрын кандидаттар әр мектептен бос орын іздеп келсе, қазір онлайн өтініш беріп, ашық конкурстан өтеді. Бүгінге дейін 3100 өтініш қабылданып, 700 маман мектептерге конкурстық комиссия негізінде қабылданды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт
  • Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер