7 нысанның мәртебесі өсті

Screenshot_27.jpg

2200 жылдық тарихы бар Шымкентте сан ғасырлық оқиғаларға куә болған тарихи ескерткіштер мен орындар баршылық. Солардың ішінде 7 нысан республикалық маңызы бар, ал 8 нысан жергілікті маңызы бар деген бағалаумен    «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасына енгізілді. Маңызы бар ескерткіштердің қатарына қосылған Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерінің аумағында бүгінде  көріктендіру жұмыстары жүргізілді. «Қошқар ата» жобасы бойынша Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Қаладағы ескі қалашықты (Цитадель) ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізудің номинациялық деректемесі дайындалған. Қалашықты ашық аспан астындағы мұражай ретінде құру бойынша қаржы қаралып, реставрация, консервация жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, Шымкент қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілгенін айта кетейік. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша 6 жоба дайындалып, жүзеге асырылған. Арнайы жобаның «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Шымкентте Абайдың 180 жылдығы атап өтілді
  • Шымкентте жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ілгерілеу бар
  • Шымкентте ауқымды сенбілік өтті
  • Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер