Шымкент қысқы маусымға дайын

54.jpg

Шымкентте тазалық мекемелерінің көліктері жаңартылуда. Биыл шаһар тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алынған. Қаланың қысқы маусымға дайындығы тағы бір пысықталып, арнайы жол техникасы тексерілді. Қала әкімі  Ғабидолла Əбдірахымов жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты.  Шымкентте қазіргі таңда 4 тазалық мекемесі бар: «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бəйтерек ЛБ» жəне «Нұртас сервис». Техникалардың жалпы саны – 127. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Жауапты мамандар солардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 584,4 шақырымдық 189 көшені тазалайды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісовтың айтуынша, қыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дайындық жоғары дәрежеде пысықталуда. Бұл ретте арнайы техникалардың жарамдылығы мен техникалық жағдайын анықтауға талап күшейген.

    Еске салсақ, биылғы қысқы маусымға қалада 4 мың тонна тұз және 23 730 текше метр құм дайын. Шаһарда қысқы маусымға дайындық жұмыстары кесте бойынша іске асырылуда.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Жол құрылысы мамандарының еңбегі ерен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер