Дендросаябаққа Асқаровтың есімі берілді

705.jpg     

Шымкенттің өкпесі саналатын дендросаябақ енді жаңаша атауға ие болды. Үкіметтің  қаулысымен Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімі берілді.

     Қаланың ауасын тазартуға септігін тигізетін саябақ салуға мұрындық болған Асанбай Асқаровтың еңбегі орасан екенін шымкенттіктер жақсы біледі. Қалалықтар  алып аумақты алып жатқан дендрологиялық баққа қоғам қайраткерінің есімін беруді біраздан бері айтып жүрген болатын. Бұрын қаланың қоқыс тастайтын аумағы болған дендрологиялық саябақ 1979 жылы құрылған. Көреген басшы арнайы мамандар шақыртып, иісі мүңкіген аумақтағы бар қоқыс қалдықты тегістетіп, үстіне бірнеше қабат құнарлы топырақ төктіріп, ағаштардың тамыр алып кететіндей бар жағдайды жасауды ескертіп, салдырған. Әлемнің әр түкпірінен әкеліп отырғызылған ағаштар бүгінде ну орманға айналған. Ауа тазартуға септігін тигізетін ерекше иісі бар ағаштар басым мұнда. Тек қана ағаш егіп, өсірумен ғана айналысатын емес, мұнда ғылыми орталық та бар. Дендросаябақ отандық және дүниежүзілік дендрофлора түрлерін жерсіндіру және кешенді түрде зерттеу мақсатында құрылған. Ең бастысы еліміз бойынша ағаштарды өңірімізде жерсіндіруді жоспарлы түрде жүргізген алғашқы ғылыми мекеме болып табылады. Бұған дейін өңірімізде ғана емес, елімізде мұндай орталық болған емес. Бүгінде дендрологиялық саябақ қалалықтардың сүйікті мекеніне айналған. Түрлі бөлікке бөлінген аумақты бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Кіру ақысы – 25 теңге.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер