Кәсіпкерлерді мектеп құрылысына шақырды

01.jpg

Шымкент шаһарының басшысы Ғабидолла Әбдірахымов үш ауысымдық мектепке байланысты  өзекті мәселені қозғады. Жаңа 2018-2019 оқу жылының 1 сыныбына 24 мың оқушы қабылданған. Демографиялық өсімнің тұрақты дамуына орай Шымкентте 20 мың орындық мектеп қажет екендігін айтты. «Қаладағы үш ауысымда оқу жүйесін толығымен жабу үшін бізге тағы 12 жаңа мектеп керек. Қазір бұл қажеттілікке байланысты 10 мектепке республикалық бюджеттен қаржы қаралуда. Ал 2 мектеп құрылысын қала бюджетінен қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қаладағы 30 мектептің жанына қосымша ғимарат салу жобасына кәсіпкерлермен келліссөздер жүргіземіз. Бұл жобаға қала мәслихатының депутаттары қатарындағы кәсіпкерлерді де шақырамын», – деді мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясында Ғ.Әбдірахымов.
Сөз соңында қала әкімі қаржыландырудың түрлі бағытын дамыту маңызына тоқталды. «Қаржыландыру көзін тек бюджеттен күтіп отырмай, инвестициялық жобаларды дамытуға және қала бюджетіне түсетін кіріс көзін арттыруға болады. Шымкенттің қазіргі таңдағы кірісі 80 млрд теңгені құраса, оны екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Салық органдары мен құқық қорғаушылар бірқатар бизнесті көлеңкеден шығаруда бізбен бірге жұмыс істейді деп сенемін, – деді шаһар басшысы.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Адал еңбек пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі
  • 42 жылын әуе саласына арнаған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер