Жастар Жолдауға үн қосты

15.jpeg

Жыл сайын елімізде Елбасының кезекті жаңа жолдауын Халық жылы қабылдайды. Мәселен, өткен жылғы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау да өз өміршеңдігін сақтап қалары анық. Өйткені, бұл Жолдау цифрлық дәуірге бейімделудің нақты 10 міндетін айқындап берген болатын. Яғни, Елбасының әрбір Жолдауы бір – бірімен сабақтаса отырып, жүзеге асады. Мұны еліміздің жастары терең түсіне де, бағамдай да біледі. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Осы орайда шымкенттік жастар Жолдауға үн қосты.  «Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Ал бұған білімді ұрпақтың қосар үлесі да мол болуы тиіс»,- дейді студент Зуфаржан Зуппарханов. Ал Гүлзат Исламбекқызы әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті алғышарттардың бәрі бар деп есептейді. «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала бермек. Ол -  азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.Көшбасшы елдердің қатарына қосылуға еліміз әбден лайық. Енді республикамыздың бір емес үш бірдей мегаполисі бар. Соның бірі Шымкент. Ал дамыған елдерде мегаполистердің болуы шарт»,- дейді студент.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер