Шымкентте 15 жазасын өтеуші бостандыққа шықты

60.jpg

Шымкентте 15 жазасын өтеуші мерзімінен бұрын босатылды. Мұндай шешім Елбасының қылмыстық кодексті ізгілендіру бастамасымен қабылданған. Құқықтық Заңнамадағы бірқатар өзгерістер еліміздегі 7 түрменің жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде, мемлекет қазынасынан 12 миллиард теңге үнемделіп, қылмыс 7-10 пайызға азайған. Үкімет рақымшылығына іліккен азаматтардың бірқатары бүгін бостандыққа шықты.

    Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ 167/11 мемлекеттік мекемесінде жасазын өтеушілерден  32 қолдау хат түскен. Оның ішінде 15-нің тілегі Әл-Фараби аудандық сотында қанағаттандырылды. Сот шешімімен аталған азаматтар қылмыстық процесті ізгілендіру шарасына ілігіп, отбасына оралуға мүмкіндік алды.  «Сен қоғамға керексің»! Бостандыққа шыққандарға осы қағида түсіндірілді. Жазатайым жаза басқандардың психологиялық әлеуетін көтеру мақсатында құқықтық сабақ ұйымдастырылып, қоғамға тез бейімделу жайы түсіндірілді»,- дейді Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ИЧ 167/11 мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Бақыт Бұлғақов.

   Мерзімінен бұрын босатылғандырдың бұл - соңғысы емес. Сотта тағы 17 тұтқынның ісі қаралуда. Ізгілендіру талаптарына сай келсе, олардың да бостындыққа шығар күні алыс емес.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер