Жолдауға қолдау

3.jpeg     

Шымкент қаласы әкімдігінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша мәжіліс өтті. Жиынға қала активі, мәслихат депутаттары, құрылымдық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қатысты. Жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Жолдаудағы негізгі 6 басымдықты атап берді. «Елбасы Жолдауының басты міндеті – қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың жаңа моделін құру. Халықтың  әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартуда не істеу қажеттігін айқындап берді. Нақты тапсырмаларды жүктеді. Біздің мақсат - Жолдауды қайталау емес, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, нақты шешім қабылдау. Қалада нақты іс-шаралар қабылдау үшін Жолдауды іске асыру бойынша жол картасы дайындалады. Соны әзірлеуді аппаратқа тапсырамын. Әр бағытта жасалатын жұмыстарға қала әкімінің орынбасарлары бекітіледі», - деді қала әкімі. Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі мәжілістің форматы өзгеше ұйымдастырылды. Яғни, жиында басқарма басшылары Жолдаудағы негізгі міндеттер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Қалада жолдауды іске асыру бойынша негізгі атқарылатын жұмыстар жоспары түзіліп, нақты іс-шаралар қолға алынбақ. Қалалық және аудандық насихаттық топтар құрылып, өткізілетін іс-шаралардың кестесі бекітіледі.

 



®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жолдауға қолдау