Шағын несие алушылар көбеюде

9.jpg

Елбасы Н. Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыруды айтқан болатын. Осы орайда республикадағы үшінші қала Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қалада нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шағын кәсіпті дамыту бойынша қалада 2018 жылдың қаңтар айынан бері, яғни жыл басынан қазірге дейін 290 адамға сертификат берілген. Оның ішінде 64 азамат кәсібін дамытып, өркендету үшін 829 млн теңге көлемінде микронесие алған. Нақтырақ айтқанда ,  7 азамат ірі мал бордақылау бойынша, 30 азамат қызмет көрсету,  11 азамат өнеркәсіп, 2 азамат білім, 13 азамат сауда-саттық және 1 азамат құрылыс саласы бойынша қаржыландырылған. Еске сала кетсек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беріледі. 2018 жылы Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жас өрендер көлік жөндеудің қыр-сырын үйренді
  • Студенттер көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерді игеруде
  • Құзіреттілік орталық – сапалы маман кепілі
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер