Адам бейнесін өнерге айналдырған маман

image.png

     Қазіргі цифрлық дәуірде фотограф мамандығы тек хобби немесе шығармашылық ізденіс емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін кәсіби еңбекке айналды. Объективке іліккен әр сурет – бір мезеттің тарихы, әр кадр – адамның тағдыры мен эмоциясын жеткізетін өнер туындысы. Осы орайда, қоғамда фотоөнердің дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдарының бірі – фотографтар. Фотограф жұмысы сырт көзге жеңіл көрінгенімен, оның артында үлкен даярлық, табандылық және тәжірибе жатыр. Әр сурет үшін жарық пен композицияны дұрыс таңдау, адамның мінезін, көңіл күйін дәл жеткізу, сәтті бұрыш табу – шеберліктің ең маңызды тұстары.

      Ерекше мамандықты таңдап, адамдардың естеліктерін тастпалап жүрген шымкенттік фотограф Мақсат Бижігітұлының жұмысына бүгіндк сұраныс артқан. Жас жігіттің бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 4 жылдай уақыт болыпты.  «Төрт жыл көп уақыт болмаса да осы жылдар аралығында көп іздендім, тәжірибе жинақтадым. Адамдарды суретке түсірген ұнайды. Себебі әрбір фотосурт олар үшін естелік, тарих. Бұл кәсіптің де өзінің қызығы мен қиындығы болады. Бірақ өз ісіңді сүйіп істесең қиындығын еңесерсің»,- дейді фотограф. 

      Мақсаттың фотоға түсіруге деген қызығушылығы бала күннен бастау алған. Себебі әкесі де бейнелеу өнеріне жақын осы саланың маманы. Сондықтан камераның тілін ерте  түсініп, фото әлеміне біржолата ғашық болған.  Қазір Мақсат ерекше стильде түсірілген кадрлардың авторы, шынайы иделардың генераторы. Әсіресе күзгі фотосессияларға қатысты өзгеше, тың консепциялармен көпшіліктің назарын аударуда. Дегенмен ол бір мезгілге байланып қалмайды. Қай мезгілдің болсын әдемі естеліктерін қалдыруға әрдайым мүмкіндік бар деп санайды. 

      Фотограф тек камера ұстаушы емес, ол – режиссер, суретші, психолог және техникалық маман. Фотографтың басты міндеті – адамның жүрегіндегі эмоцияны объектив арқылы жеткізу. Бір күлімсіреу, бір көзқарас немесе қозғалыс – көрерменге мол әсер сыйлауы мүмкін. Сол себепті фотограф үшін әрбір жан ерекше, әрбір кадр құнды.  «Уақыт тоқтай алмайды, бірақ мен оны кадрға сыйғыза аламын» дейді 21 жастағы жігіт.

    Мақсат   әлеуметтік желілерде белсенді. Аудиториясымен жиі байланыста. Фотоға түсудің трендтері мен лайфхактарын бөлісіп отырады. Оның әр кадрының артында үлкен еңбек пен шабыт жатыр.  «Фотосессия жасау үшін алдымен локация таңдап аламын. Ол үшін қалада лайықты, көрікті жерлер өте көп. Бірақ солардың ішінде дендрологиялық саябақтың орны ерекше. Мұнда әдемі табиғат, жазда жасыл, күзде сары-қызыл ағаштар көп, көл де бар. Әр адамға сай образ таңдап береміз. Мысалы отбасылық фотосессия болады, немесе қыз бен жігіт, жас жұбайлдарға лайықты образ, локация таңдаймыз.  Барлығының көңілінен шығуға тырысамыз. Еңбегімнің бағасы да тұрғындарға қолжетімді»,- дейді кейіпкеріміз. 

       Кәсібіне адал фотографтар жаңалықтың дәлдігін, өнердің көркемдігін, адам бейнесінің табиғи болмысын сақтап, уақыттың ең қымбат сәттерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Фотограф – еңбек адамы. Ол таңғы күнмен бірге атанып, кеш қарайғанша ең үздік кадрды іздейді. Бұл мамандықта төзімділік, шығармашылық ойлау, ізденіс пен еңбекқорлық әрқашан қатар жүреді. Әр сәтті суреттің артында фотографтың тоқтаусыз еңбегі, кәсіби шеберлігі және өнерге деген шексіз махаббаты жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Адам бейнесін өнерге айналдырған маман
  • Аспаздық – жүрекпен таңдалған кәсіп
  • Қызмет пен отбасы құндылықтарын тең ұстаған жан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер