Қызмет пен отбасы құндылықтарын тең ұстаған жан

image.png

    Қоғамның қауіпсіздігі мен тәртібін сақтау – үздіксіз, тоқтаусыз атқарылатын күрделі міндет. Бұл жолда күнделікті тәуекел мен жауапкершілікті арқалап жүрген мамандардың бірі – Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға кезекші инспекторлары. Олар – режим талаптарының орындалуын бақылап, мекеменің тәулік бойы қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, қызметінің әр минуты сынға толы еңбек адамдары.

     Әділет подполковнигі шені бар аға кезекші инспектор – тек бақылаушы ғана емес, бүкіл мекеменің тыныс-тіршілігін үйлестіріп отыратын тәжірибелі басшы. Оның міндетіне камералар мен бөлімдердің жұмысын қадағалау, жедел жағдайды бақылау, кезекші қарауыл мен кинологиялық қызметтің үйлесімді әрекетін ұйымдастыру, туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды дер кезінде шешу кіреді. Қысқасы, мекеме қауіпсіздігінің жүрегі – кезекші бөлім десек, оны басқарушы – дәл осы қызметкер.

     Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аға кезекші инспекторы, әділет подполковнигі Түймелиев Сырым  - өз ісіне берілген, қызмет жолында адалдық пен тәртіпті жоғары қойған тәжірибелі қызметкер.

      1981 жылы 12 тамызда Бәйдібек ауданында дүниеге келген Сырым Қадырұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Қызмет атқарған жылдары ішінде ол түрлі мекемелерде - сотталғандар арасында тәрбие жұмыстары бойынша маман, колония бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, штаб бөлімшесінің аға кезекші инспекторы қызметтерін атқарып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленді.

     Аға инспектордың бір күні күтпеген оқиғаларға толы болуы мүмкін. Әрбір дабыл, әрбір қарауылдан түскен ақпарат – тез шешімді қажет ететін жағдай. Сондықтан бұл қызметтің иесіне салқынқанды мінез, жедел ойлау қабілеті, кәсіби қырағылық әрі жоғары жауапкершілік тән болуы тиіс. Тіпті түнгі кезекшіліктің өзі тыныш өтеді деп ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан қызметкер әр сәтте сақадай сай тұруы – оның міндеті ғана емес, қалыпты дағдысы.

     Сонымен бірге аға кезекші инспектор – жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің талаптарын үйрету, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын шыңдау, олардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру – бұл да оның күнделікті жұмысының бір бөлігі.

      Кейіпкеріміз қызмет пен отбасын қатар алып, елін де, жанұясын да қызғыштай қорып жүрген жан.   Сырым Қадырұлы  - үш ұл, бір қыздың әкесі. Қызмет пен отбасы құндылықтарын тең ұстау - оның өмірлік ұстанымы.  “Қай жерде тәртіп пен жауапкершілік болса, сол жерде сенім бар”, - дейді ол. 

     ҚАЖ саласында жұмыс істеу – қажырлы ерік-жігерді, зор төзімділікті, табандылықты талап ететін ауыр әрі жауапты еңбек. Осындай қызметтің алдыңғы шебінде жүрген әділет подполковнигі – қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіптің сақшысы. Оның еңбегі көпшілікке көрінбеуі мүмкін, алайда мекеме қауіпсіздігі мен тұрақтылығы дәл осындай жанкешті қызметкерлердің тынымсыз еңбегіне негізделген.

     Аға кезекші инспектор – терең білім мен үлкен тәжірибені, батылдық пен сабырлылықты қатар ұстай білген нағыз еңбек адамы. Оның күнделікті еңбегі – елдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға қосылған зор үлес.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Қызмет пен отбасы құндылықтарын тең ұстаған жан
  • Рухани жағдайды көтеру – түзелу жолындағы алғашқы қадам
  • Шымкентте «Өндіріс жастары – кәсіби өсу алаңы» атты форумы өтті
  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер